Шу ауданы "Тоғай" мешітіне өңірдің бас имамы Алмс Кенжемолдаев зиярат етіп барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Мешіттің іші-сыртын толық аралап, құжатын, тазалығын, бейне бақылау жүйесін, әдебиеттер тізімін тексерді.
Мешіт имамымен және қызметкерлерімен жүздесіп, мешітің хал-ахуалы, жоспарларын анықтап, бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі