Адамзат әбден азғындап, имансыздықтың қараңғылығына оранған сол бір кезеңде Жаратқан Жаббар Иеміз өзі сүйіп жаратқан адам баласына соңғы елшісін жіберді. Пайғамбарымыз(с.ғ.с) дүние есігін айқара ашқан «Рәбиул-әууәл» – көктем айларының алғашқысы, қайта жаңарудың белгісі болған ай еді. Бейне бір қыстан кейін адамзаттың қайта тірілуін көрсеткендей. Оның дүниеге келуі бүкіл жаратылысқа мән сыйлап, болмысын ашып берді. Күллі әлем оның келуін сағына да сарғая күткендей болатын, сондықтан ақырғы елшінің үмбеті болған біздер үшін оның туған күнінің де мән-мағынасы зор.
Сондықтан да исі мұсылман үшін Мәуліт мерекесін өткізіп, Алла елшісіне әдеттегіден де көп салауат айтуға атсалысу маңызды. Осынау мереке Шу ауданы "Тоғай" мешітінде атап өтті.
Шараға ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев қатысты. Көпшілік ас басында насихат тыңдап, бірге салауат айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі