#Байзақ: АРДАГЕР ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

#Байзақ: АРДАГЕР ИМАМДАР МАРАПАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінде қазақтың әрбір үйінен отбасы мүшелеріне ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүбірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі – бір ғанибет. Жастары егде тартқан шақта қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіріп, жетілдірген ұл-қыздары қас-қабағына қарап, немерелері қойнына тығылып, мойнына асылып жатса – еңбектерінің ақталғаны емес пе? Қарияларымыздың «Жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер», - деп Құдайға құлшылық етуінің мәні де, мәнісі де осында.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Әділханұлы ардагер имамдарды қарттар күнімен құттықтау мақсатында мешітке еңбегі сіңген ардагер имамдардың хал жағдайын сұрап, оларға алғыс хат табыстап, құрмет көрсетті.

Атап айтар болсақ: Мәдімар ауылы «Мәдімар» мешітінің имамы болған, ауыл ақсақалы Амангелді Берікбайұлына, Ақжар ауылдық «Әбдікерімұлы Айдар» мешітінің имамы болған Қалабаев Лесбек ақсақалға және Жақаш ауылдық «Сухамбай» мешітінің имамы Скендиров Бакубек қарияға барып, көңілдерін сұрап қайтты. Бұрынғы ұжымдастарына ақ батасын аямаған қариялар өз разылықтарын білдіріп жатты. Тіпті Амангелді Берікбайұлы қария әсерленгені соншалық – қуаныш көз жасына ерік берді. Айтулы шараға «Байзақ баба» мешітнің ұжымы және ауыл имамдары қатысты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: