Қазақ үйдің төрін үлкендер үшін сайлап, үлкен кетсе, бақ-дәулет, ырыс кетеді деп, қайтыс болған соң нәзір беретін болған. (Нәзір – алла разылығы үшін құрбандық шалып, көпшіліктің басын қосып, батасын алу үшін істелетін шара). Ауыл қариялары көп оқымаса да өздерінің үлкен кісілерден көргенін, табиғаттан үйренгенін, қазақи ұғымнан түйгенін дәріптеген.
Қарттардың құрметіне "1 қазан - Қарттар күні" болып аталып келеді. Осыған орай, аудандық "Жәми" мешітінің ақсақалдарына сый-сияпат жасалды.
Ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев мешіт атынан дайындалған сыйлықтарды табыстап, жылы лебізін білдіріп, қазыналы қарттарымыздың амандығын тіледі. Ақсақалдар батасын беріп, жүзедеріне қуаныш көмкерілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі