Шу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу" орталығынын ұйымдастыруымен Шу ауданының дiн саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының №39 балалар-жасөспірімдер спорт мектебiнiң ұжымымен кездесуі өтті.
«Спортта дiни радикализмге жол жоқ» тақырыбын арқау еткен шараға Шу аудандық "Жәми" мешітінің бас имамы Алмас Кенжемолдаев арнайы келіп қатысып, аталған тақырыпта насихат жасады.
Радикализмге тоқталып өткен имам одан сақтану жолдарын тізебектеп беріп, исламның адам баласына талап ететін бейбітшілік, татулық турасында тілге тиек етті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі