Лудоманияның алдын алу үшін насихат жұмыстары жүргізілуде

Лудоманияның алдын алу үшін насихат жұмыстары жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Ізгі қоғам бағыты аясында Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушыларымен кездесу жасалды.

Жастар арасында лудомания, гемблинг, игромания, құмар ойын әуестігінің алдын алуға бағытталған семинарға Жамбыл облысы, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұстазы Есет Тұрдыбайұлы, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаев, Дінтану орталығының маманы Бахтияр Алпысбаев арнайы қонақ болып барды. 

Жиынға 200 мектеп оқушысы қатысып, қоғамды жайлаған дерт жайлы пайдалы кеңестер мен мардымды насихат тыңдады.  

Облыстағы Ізгі қоғам бағытына жауапты ұстаз Есет Таласбаев "Құмар ойындарының зияндығы" турасында сөз қозғаса, Шәріп ардагер "Үлкенді құрметтеу, жаман әдетке бармау" жөнінде тілге тиек етті. Ал Бахтияр Алпыбаев "Қылмысты істерден сақтану" тақырыбында баяндама жасады. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: