Әрбіріміз өзіміздің ата-анамыздың, балаларымыздың, туыс-жақындарымыздың, құрбы-құрдастарымыздың және басқа да қаншама адамдардың туған күндерін қуанышпен атап өтеміз. Ал, қиямет күнгі шапағатшымыз, ұлы ұстазымыз, жолбасшымыз Пайғамбардың ﷺ туған күнін атап өту бәрінен гөрі лайықтырақ емес пе?! Қазіргі біздің жағдайымызда Мәулітті атап өту тіпті міндетті десек те болады. Себебі, басқаны қойғанда мұсылмандардың өзінің арасында өміріндегі басты идеалы болуы тиіс.
Осыған орай "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы Зейнеп Жәдігерқызының ұйымдастыруымен "Мәуліт айы - құтты болсын" атты рухани жиын өтті. Шарада Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) жайында құран аяттары мен хадистері айтылып, салауаттар мен Мәуліт оқылды. Шараға арнайы қонақ болып келген ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұстазы Жазира Иманалиева сөз сөйледі.
Зейнеп ұстаз Пайғамбарымызға деген сағыныш естеліктерін айтып, көпшіліктің көңілін толқытты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі