ҚМДБ бекіткен тапсырмалардың бірегейі жоспарлы түрде мешіттердің жұмысын жандандыру мақсатында ауыл имам-молдаларының жұмысын бақылау болып табылады.
Осы мақсатта Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Жақаш ауылдық «Сухамбай» мешітін зерделеді.
Зерделеу барысында аудан бас имамына ауыл молдасы Скендиров Бакубек ақсақал мешітте атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан бас имамы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, бес бағыт бойынша жұмысты жандандыра түсу керектігін айтты.