Бесінші аймақ жетекшісі Бауыржан Жұмабайұлы Түймекент ауылдық «Түймекент» мешітіне арнайы зиярат етіп барып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Аймақ жетекшісі мешіт имамымен және қызметкерлерімен жүздесіп, хал-ахуалдарын сұрады. Мешіттің жай-күйін қадағалап, тазалық, бейне-бақылау камерасы, намаздардың уақытылы оқылуы, уағыз кестесі сынды жоспарлы жұмыстарды тексеріп, кітап сөрелеріндегі оқулықтарды қарап шықты.
Аймақ жетекшісі Бауыржан Жұмабайұлы ауыл имамы Абдулхат Абдуманан қажыға мешіт жұмысын жандандыру бағытында бірқатар ұсыныстар айтып, тапсырмалар берді.