Төртінші аймақ жетекшісі Ғали Олжабайұлы Мәдімар ауылдық «Мәдімар» мешітін зиярат етті. Аталған «Мәдімар» мешітінің имамы Рахметов Жақсылық аймақ кураторына мешіттің тыныс-тіршілігін таныстырып, жұмыс барысын баяндады.
Ғали Олжабайұлы мешіттің іші-сыртын аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Рахметов Жақсылық алға қойылған жоспарларымен бөлісіп, аймақтың діни ахуалы үшін қашанда бірлесе, белсенді қызмет атқаруға күш салатынын айтып ілтипат білдірді.


11 Август 2026
26 Сафар 1448

