Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан келген тапсырмалар аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты екінші аймақ жетекшісі Қанат Тұмарбекұлы Мырзатай ауылдық «Естай баба» мешітін зерделеді.
Зерделеу барысында ауыл имамы Мұқтар Мэлсұлына мешіт тазалығына мән беру, бес уақыт намазды имамның немесе көмекшісінің жүргізуі, бейнебақылау камерасының дұрыс жұмыс жасауы және ҚМДБ тарапынан шыққан кітаптардың сөрелерде тұруы сынды тапсырмаларды жеткізді..