Қазіргі таңда батыс стандартымен өмір сүретін адамдар үшін порнография (бейәдеп фильм) қалыпты нәрсеге айналған. Тек егде адамдардың психологиясын зақымдап алмау үшін оны эротика, ал кейде тіпті «тән өнері» деп те айтады. Құдды бұл бейәдеп фильм ересектерді азғындап, іштей ірітіп-шірітпейтіндей, әдетте порно өнімдеріне 18 жастан төменгілерге көру тыйым салынған деп жазып қояды,...
Технологияның қарқынды дамуымен бірге ақпараттардың да көз ілеспес жылдамдықпен біздің электронды пошталарымызға келіп түсетін порносайттардың жарнамалары кеңінен таралуда. Ал бізге бұл жаңғырудың жанама әсері деп қояды, яғни, мұнымен ештеме істей алмайсың, тек қана бойұсыну керек дегендей. Сонымен қатар, кино, әртүрлі бейне фильмдер мен жарнама индустриясы адамның құштарлығын өзінің пайда табу көзіне айналдыру барысында балалар мен жасөспірімдердің ғана емес, сондай-ақ, күллі қоғамның психикасын бұзып, құртуда.
Порнографияны мойындау арқылы есірткіні, еркектер мен әйелдердің жезөкшелігін, бір жынысты отбасыларын талап ететін әрі жасаған әрбір әрекеттері «нарықтың берекесіздігіне» әкеліп соғатын ымырашылдардың кеңінен етек алуына жағдай жасалынады...
Осы жайттардың бәрі ислам ғалымдарын қандай жағдайда болмасын үнемі мұсылман адамгершілік мәселесінің маңыздығын сақтап әрі оны жетілдіріп отыруға мәжбүрлейді. Төменде Оман елінің мүфтиі шейх Ахмед ибн Хамад әл-Халилдің іштей әрі сыртқы ортамен азығырылып, порнографиялық сайттарға кіру әдетін қоймайтын жастарға айтылған мынадай пікірі келтірілген.
Біріншіден, порносайттарға кіру мен көруге тыйым салынған. Мұсылман ер адамға немесе мұсылман қыз-келіншектерге басқа адамдардың әурет жерлеріне қарауға тыйым салынғаны былай тұрсын, олардың өзіне қажетсіз нәселерді көруден көздерін сақтау бұйырылған.
Тыйым салынғанға қарау сияқты әрекеттер теріс физиологиялық әрі әлеуметтік салдарға әкеліп соғады. Сондай-ақ, көптеген адамдар, әсіресе, жасөспірімдер өз өмірлерін Алланың тыйым салған нәрселерін жасаумен өткізеді. Мұсылманға өз уақытын пайдалы өткізіп әрі оларға қайырлы болып келетін нәрселерді жасауға, келешегін дұрыс бағытта жоспарлауға және мәңгілік өмірдің артықшылығын естен шығармау ұйғарылған.
Менің жастарға беретін кеңесім – Алла Тағладан қорқып, өз өмірлерің мен жастық шақтарыңды бағалай біліңдер. Олар Алла Тағаланың берген несібесін қалай және қайда жұмсағандарынан сұралатындығын бір сәт те болса естерінен шығармауы тиіс. Хадисте былай келтірілген: «(Қиямет күні) Адам баласы өмірі туралы, жастық шағын қалай өткізгені туралы, байлығын қайдан алып, қайда жұмсағаны туралы және оның амалдарының біліміне қаншалықты сәйкес болғаны туралы сұралмай орнынан қозғалмайтын болады».
Адам Алланың оған берген ұлы да қасиетті сыйы – өмірінен сұралмай қоймайды. Өз уақыттарын порносайттарға кірумен өткізетін адамдар Алла Тағаланың ұлы мейірімін елемейтіндер. Бұл фәни дүние адам баласына тән құмарлығын қанағаттандыру үшін берілмеген, керісінше, осы өмірі келесі мәңгілік ақиретке дайындалу үшін берілген. О дүниеде қайыршылық, ауру мен қарттық атаулы мүлде жоқ, онда бәрі де қайырлы. Алайда мұндай өмірге бүгінде кім Алланың бұйырғандарын орындап, тыйғандарынан тыйылып жүргендер ғана қол жеткізеді.
Жастар Жаратушы алдындағы өздерінің жастық шағы үшін жауап беретін күннің туатынынан қорықсын. Жастық шақ – ойын-сауықтың кезі емес, өзін-өзі кемелдендіру мен жемісті еңбек ету кезеңі. Әрқашан да жастар өз ұлтының дамуы не құлдырауының өлшемі болып табылады. Жастардың қаншалықты жақсылық пен қатаңдық жолын ұстануымен, соншалықты ұлттың ұлылығы артады. Және керісінше, егер жастар бұзақылыққа салынса, соншалықты әлгі ұлт құлдырайды. Ендеше, енді өсіп келе жатқан жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеу өте маңызды.
Өз өмірлерін бұзақылық жасаумен өткізіп жүрген жастарға айтарым, өмірдің құндылығын жете түсініп, оны ұсақ-түйекпен өткізуді тоқтату. Ажал кез-келген сәтте, аяқ-астынан келетінін олар естен шығармауы тиіс. Адамдардың бәрі өлім жазасына кесіліп, түрмеге қамалғандар сияқты. Өлім сәтінің қашан, қалай және қайда болатынын ешкім де білмейді, сол себепті оған дайын жүру керек. Қасиетті Құранда Алла Тағала келесі аятта бекер айтпаған: «Әркім өлім татады» (3:185).
Төменде порнографиядан бас тартқыздыратын 10 қадамды келтіреміз:
- Бірінші қадам: бұдан бас тарта алмайтыныңызды мойындаңыз. Порнографияға деген сіздің елігуіңіз бақылаудан шығып кеткендігін мойындаңыз. Әр кез ғаламторға кіргенде, бейне фильмдер сатылатын дүкендерге барғанда не теледидарды қосқанда, сіз өзіңізге: «Болды, жетеді!» деп айта алмайсыз, өйткені сіз порносайттарға кіруден немесе бейәдеп бейне фильмдерді көруден бас тарта алмайсыз. Себебі, сіздің өміріңіз уысыңыздан шығып, бақылаудан кеткен.
- Екінші қадам: бұл жағдайдан сізді тек Алла Тағала ғана алып шығатындығын мойындаңыз. Порнографияға деген құштарлығыңызды қанша рет жүгендеуге тырысқаныңызбен ештеме шықпаған соң, сізді бұл жағдайдан Алла ғана алып шығатынын жақсы түсінесіз. Бәлкім, мұны алдында да білген шығарсз, бірақ енді ғана лайықты түрде жете түсініп, бұған еш күмәніңіз қалмайды.
- Үшінші қадам: сіздің өміріңіз де, өліміңіз де Бір Алланың қолында. Сондықтан Аллаға толықтай тәуекел етуге бел буыңыз. Өз проблемаңызды Оған тапсырып, бірінші кезекте, Оның жәрдемі мен мейірімін іздеңіз.
- Төртінші қадам: өз-өзіңізді талдаумен айналысыңыз. Өзіңіздің жағымды әрі жағымсыз қасиеттеріңізге жанға бататын болса да адал әрі шынай баға беріңіз. Осы халге қалай түскеніңізді түсіну үшін өз құштарлығыңызға талдау жасап көріңіз.
- Бесінші қадам: Алла алдында тәубеңізге келіңіз. Хақ жолдан тайып кеткеніңізді Аллаға және өзіңізге мойындаңыз. Жалпылама тәубе жасамай, нақты қателігіңізді, дәлірегінде, порнографияға деген әуестігіңізді айтып тәубеңізге келіңіз.
- Алтыншы қадам: Түзелу жолында ашық әрі Алланың жәрдемін қабыл алуға дайын болыңыз. Шынайы тәубеге келудің артынан нақты амалдар жасалу керек. Сізге қандай қиын тисе де өзгеру үшін барлық қажетті нәрсенің бәрін жасаңыз. Тіпті телебағдарламаларды, соның ішінде, жаңалықтарды және жалғыз ғаламторға кіруден бас тартуға да тура келетіндігіне дайын болыңыз.
- Жетінші қадам: кемшіліктеріңіздің түзелуін Алладан сұраңыз. Шынайы түрде бойұсынып, өкіне отырып Алладан істеген амалдарыңыз үшін кешірім сұрап, ендігәрі Жаратушы порнография көру күнәсін және сіздің бұрын-соңды жасаған күнәларыңызды қайталатпауын тілеңіз.
- Сегізінші қадам: әр кеште өткен күнге талдау жасаңыз. Әр кеште күні бойғы өз мінез-құлқыңызды адал бағалап, жасаған қателіктеріңізді мойындауға дайын болыңыз әрі күні-бойы жсаған жақсы амалдарыңыз үшін Аллаға шүкір айтыңыз.
- Тоғызыншы қадам: Алладан жииі дұға сұрап, өз тақуалығыңызды арттыруға тырысыңыз. Алла Тағалаға жақындау үшін күніне бес уақыт намаз оқуыңызды жалғастыра беріңіз. Қай жерде болсаңыз да Оны естен шығармауға тырысыңыз. Көбіне Аллаға тәуекел етіңіз де Одан сіздің порнографияға деген әуестігіңізден арылуға және басқа да сіздің өмірлік мәселелеріңізді шешіп беруге көмектесуін сұраңыз.
- Оныншы қадам: өзіңіз дұрыс өмір салтын ұстанып әрі соны насихаттаңыз. Алла сіздің әуестігіңізден құтылу үшін Өз мейіріміне бөлеген соң бәрін өз бетіне қоя бермеңіз. Сіз сияқты бұл жаман әдеттен құтыла алмай жүрген жандарға ақыл-кеңесіңізді беріп, бұл мәселенің олар үшін де қайырлы шешілуіне қол ұшыңызды беріңіз. Алланың қалауымен, басқаларға көмектесе жүріп, өз құштарлығыңызды толықтай жүгендеп алуға қол жеткізесіз.
"Исламдағы махаббат пен жыныстық қатынас" кітабынан