Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері "Діни экстремизм мен терроризм" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға Шу ауднының бас имамы Алмас Кенжемолдаев бастаған Шу өңірінің имамдары қатысты. Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысының орынбасары Байылхан Құлназаров, М.Әуезов атындағы университеттің Заң ғылымдарының докторы Ермек Бекбосынов имамдарға теріс бағытты ұстанушылармен жұмыс жүргізу, заң жүзінде қойылған талаптар жайында атап өтті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі