Шу ауданы орталық "Жәми" мешітінің наиб имамы Мағжан Мұратұлы Темір жол вокзалы ұжымымен кездесті. Дін маманы көпшілікке "Дін атын жамылған теріс ағымдар" тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Қазақстанда таралған теріс ағым түрлері, олардың мақсат-міндеті, ақидада адасқан тұстары, ағымды ұстанушылардың сипаты жайлы толыққанды ақпарат беріп өтті.
Абу Ханифа мазхабы бойынша ақида қандай болу керек, иман, діни мәліметтерді алу көздері жайлы кеңестер беріп, теміржолшылардың сұрақтарына дәлелді жауаптар берді.
Шу ауданды "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі