Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешіті жанынан отбасылық кеңес беру орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, «Байзақ баба» мешітінің наиб имамдары, аймақ жетекшілері мен ауыл имам-молдалары қатысты.
Аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Орталықтың мақсаты — білікті мамандардың көмегімен отбасылық мәселелерді шешу арқылы, ұлтымыздың болашағы – отбасы бақытын сақтауға өз септігін тигізу болып табылады», - деді. Кеңес беру орталығының маманы болып «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Мухит Ермаханұлы бекітілді.