#Жамбыл: Сыйласаң, сыйын көресің

#Жамбыл: Сыйласаң, сыйын көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қоңыртөбе ауылы «Қоңыртөбе» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы бесін намазын өткізген болатын. Жамағатпен жүздескен бас имам  «сыйласу» турасында уағыз айтты. Қазақ халқында сыйластықтың орны өте үлкен. Ата-бабаларымыз: «Адам сыйлағанның құлы», «Сыйлап берген су тәтті» деп, сыйластық атаулыға аса мән берген. Майлықожа бабамыз: «Болатын елдің баласы бірін-бірі «сіз» деген, болмайтын елдің баласы бірін-бірі күндеген» деп, сыйластық бар жерде татулық пен береке, бірлік пен ынтымақ орын алатынын айтқан.

Сондықтан да қоғамда әрбір адамды құрметтеп, сыйлап, ең көркем түрде қарым-қатынас жасауға тырысайық.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: