Жамбыл ауданы Қаракемер ауылы «Қаракемер» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы жамағатпен жүздесті. Келелі кездесуде бас имам «Құран сауатты болуды талап етеді» тақырыбында уағыз айтты. Асыл дініміз Исламда мұсылман адамның білім алып, оған амал етуінің маңызы өте үлкен.
Ислам діні әр нәрсенің зекеті бар екенін ескерту арқылы әркімге өз мүмкіндігі жеткенінше қоғамдық істерге атсалысу керектігін ұқтырады. Дәулеттілер түрлі қайырымдылық шараларға ұйытқы болу арқылы халықтың әл ауқатының артуына жағдай жасауға міндеттелсе, білімділердің зекеті – білгенін басқаларға үйрету.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі