#Меркі ауданы: «Отбасылық кеңес беру» науқаны өтті

#Меркі ауданы: «Отбасылық кеңес беру» науқаны өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елбасы жарлығымен 2013-жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» деп аталып келеді. Осы орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 4-10 қыркүйек арасын «Отбасы апталығы» деп жариялады.

Отбасы күніне орай, Меркі аудандық орталық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен "ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ" науқаны өтті. 

Іс-шара таңғы 11:00-де басталып, түскі 13:00-ге дейін жалғасты. Отбасында әр түрлі әлеуметтік, діни және тұрмыстық мәселелер туындап, жұбайымен түсінісе алмай жүрген жұптар үшін аудан имамы көкейде мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.

Жұбайлар үшін маңызды болған отбасындағы ер мен әйелдің міндеттері қандай? Кикілжің туындаған шақта отбасын қалай сақтап  қалуға болады? Егер отбасында ер мен әйелдің діні бөлек болса не істеу керек? Ажырасып кеткен жағдайда ері алимент төлеуі міндет пе?, -  деген сынды өзекті сұрақтар қойылды.

Аудан имамы әр жұппен жеке отырып толғандырған сұрақтарына тұшымды жауап берді. Науқанға келіп көкейде жүрген сауалдарына жауап алған ерлі-зайыптылар мешіт қызметкерлеріне, алған жауаптарына өз ризашылықтарын білдіріп, осындай игі шаралар ұйымдастырушыларына алғыстарын айтты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: