#Меркі ауданы: Отбасы күні атап өтілді

#Меркі ауданы: Отбасы күні атап өтілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

2013 жылдан бастап қыркүйек айының әр екінші жексенбісі сайын еліміз бойынша «Отбасы күні» мерекеленіп келе жатқаны баршамызға белгілі. Отбасы құндылықтарына мемлекеттік деңгейде құрмет көрсетіліп, жанұя бақытына жол ашатын айтулы күнге орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да «Отбасы апталығын» жариялап, игі шаралардың қатарын көбейте түскен болатын.

Діни басқарма барлық өкілдіктері осы бастама аясында Отбасы күніне орай түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, отбасы құндылықтарын насихаттау жұмысын жандандыра түсті.

Осы бастама аясында Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен орталық мешітте жас отбасылардың жиыны өтті.

Бүгінгі күннің мән-маңызына тоқталған бас имам Азамат Берікұлы құттықтау лебізін білдіріп, отбасылық құндылықтар, отбасы бақытына қол жеткізу жолдарына қатысты уағыз-насихат айтты.

Жиын соңында жамағатпен дұға жасалып, еліміз бен жеріміздің тыныштығы, отбасы бүтіндігі мен бірлігін тілеп, дұға жасалды. Сондай-ақ, жас отбасыларға мереке құрметіне орай арнайы сыйлық сөмкелері үлестірілді.

 Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: