Жамбыл облысы Байзақ ауданы, 5-аймаққа қарасты Көкөзек ауылдық «Жантай ата» мешітінің имамы Бекжан Майданбекұлы және Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінің имамы Кенжехан Өксіпбайұлының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» науқаны өтті.
Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылған бұл «Мектепке жол» науқаны аясында көпбалалы және мұқтаж отбасылардан шыққан 5 оқушыға 190 000 теңге көлемінде мектеп формасы, керекті оқу құралдары мен сөмкелері табысталды. Мешіт имамдарының ұйытқы болуымен өткен бұл шарада имамдар балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
Мешіттерімізде жаңа оқу жылының қарсаңында мұндай қайырымдылық шаралар жыл сайын ұйымдастырылады. Асыл дінімізде өзгені қуанту, әлсізді қолдау, балаға қамқорлық жасауға үлкен мән беріледі.