ҚМДБ бекіткен жыл сайынғы дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты 2-аймақ мешіттері бір мезетте 3 қайырымдылық шарасы өтті. Байзақ ауданына қарасты мешіт имамдарының ұйымдастыруымен үш ауылдық мешітте 25 мектеп оқушысына жаңа оқу жылына оқу құралдары салынған сөмкелер табысталды.
Атап айтар болсақ, Бурыл ауылдық «Шолпан Дәуіт» мешітінің имамы Қанат Тұмарбекұлы 21 балаға, Көктал ауылдық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Шораев Нұрдос 2 балаға және Абай ауылдық «Жаныс баба» мешітінің имамы Абдулбари Мәденұлы 2 балаға көмек көрсетті. Аталған мешіттер осы шарада жалпы 275 000 теңгеге қайырымдылық жасады.