#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ «ЖҰМАДІЛ АТА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА ЖҮРГІЗДІ

#Байзақ: АУДАН БАС ИМАМЫ «ЖҰМАДІЛ АТА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА ЖҮРГІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сеңкібай ауылы «Жұмаділ ата» мешітінде аудан бас имамы жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.

Жұма насихатында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы: «Ислам дінінің кемелдігінің бірден-бір көрінісі – адам баласының өмірден өткеннен кейін шариғат шеңберінде мирас жүйесінің реттелуі. Шариғатта мирас деп қайтыс болған адамның мұрагерлеріне қалдырған дүние-мүлкін айтады.

Мирас ілімін ғалымдарымыз «илму әл-мирас», «илму әл-фараид», «илму әт-тәрика» деген атаулармен атаған. Қалай аталғанда да бұл білім дүниеден өткен адамның мал-дүниесінің артындағы мұрагерлеріне бөліну мөлшерін зерттейді.

Мирас ілімінің артықшылығы турасында қасиетті Құранда да, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде де айтылған. Алла Тағала қасиетті Құранның «Ниса» сүресінде мирас туралы баян еткеннен кейін: «Бұлар Алланың қойған шектері. Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы», – деп айтқан («Ниса» сүресі, 13-аят) Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мирас ілімін үйреніңдер және оны үйретіңдер. Өйткені ол – ілімнің жартысы. Бұл ұмытылатын және үмбетімнен ең бірінші болып алынатын ілімдердің бірі», – деп «Исламдағы мирастың орны» тақырыбында насихат айтты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: