Шу қаласы “Айтқұл баба” мешітінің ұйымдастыруымен “Мектепке жол” акциясы ұйымдастырылды. Шарасы аясында 3 оқушыға 100 000 теңгеге киім-кешек пен мектеп құрал-жабдықтары, сөмкелері алынды.
Ал Ақтөбе ауылының азаматтары демеушілік көрсетіп, "Оспанәлі" мешітінің молдасы Әбусейт Қоспановтың ұйытқы болуымен 12 балаға мектепке құрал-жабдықтар табысталды. Игі шараға 600 000 теңге қаражат жұмсалды.
Дәл осындай игілік "Тоғай" мешітінің имамы Жанат Сағитовтың ұйымдастыруымен жасалып, мешіт 12 оқушыны мектепке дайындады.
Ал "Күнту Баба" мешітінің имамы Берік Ауесбаевтың мұрындық болуымен әр қайсысына 40 000 теңгеден 3 оқушыға жалпы 120 000 теңгеге киім- кешек пен мектеп құрал-жабдықтары алынды.
"Бірлік" мешітінде 2 балаға мектепке қажетті құралдар алып беріліп, имамдар ата-аналардың алғысын алдып қайтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі