#Шу: Бексұлтан Олжасұлы "Бірлікүстем" мешітінде уағыз жүргізді

#Шу: Бексұлтан Олжасұлы "Бірлікүстем" мешітінде уағыз жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу қалалық "Кәрібай молда" мешітінің найб имамы Бексұлтан Олжасұлы "Бірлікүстем" ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізді. 

Имам "СЫЙЛАСАҢ, СЫЙЫН КӨРЕСІҢ" тақырыбында уағыз айтып, көпшілікті насихатына ұйытты. 

"«Кім кішімізге мейірімділік танытпаса, үлкеніміздің қадірін білмесе, онда ол бізден емес», – деп жасы үлкенді де, жасы кіші адамды да сыйлап, құрмет көрсетуге шақырған (имам Тирмизи). Қазақ халқында да сыйластықтың орны өте үлкен. Ата-бабаларымыз: «Адам сыйлағанның құлы», «Сыйлап берген су тәтті» деп, сыйластық атаулыға аса мән берген. Саққұлақ би: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық», − деген екен"  - деп атап өтті имам.

"Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: