Бүгін "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйытқы болуымен "Мектепке жол" науқаны өтті. Кезекті шара аясында мектепке баратын 7 оқушыға мектепке қажетті форма, аяқ-киім, рубашка, спорттық киім, кастюм шалбар және сөмке жабдықтары алып берілді.
Аталмыш шараға "Төле би" мешітінің әйел-қыздар секторының ұстазы Насихат Доғдырбайқызы қатысты. Балалардың аналарына жәрдем берген Насихат ұстаз ата-аналарға жылы лебізін білдіріп, оқушыларды білім күнімен құттықтады.
Осы сауапты іске демеушілік көрсеткен кәсіпкер азаматтарға Талғат Кәрібайұлы батасын берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі