"Біреу білмегенді - біреу білер",- дейді халық. Ал, діни мәселені шешуге ілімі жетпейтін жандарға Алла тағала: «Егер білмесеңдер, онда білетіндерден сұраңдар» («Нәһл» сүресі, 43-аят),- деп әмір етеді.
Ал дәл дін мәселесіне келгенде пәтуәны білімі жоғары ілім иелері ғана бере алады. Пәтуәның жауапкершілігін түсіндіріп мен күнделікті күйбең тіршіліктегі сауалдарға сауап беру мақсатында әр жұма пәтуә сағаты жасалып отырады.
Кезекті пәтуә сағаты "Кеңесхан қажы" мешітінде жүргізіліп, ұстаз Қуаныш Саят жамағаттың сауалдарына нақты ғылыми дәлелденген жауаптар берді. Пәтуә жөніне кеңінен тоқталып, пәтуәны талап етіетін күрделі мәселелер бойынша ҚМДБ-ның ғалымдар кеңесіне жүгінуге кеңес берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі