Бүгін "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті. Қабылдау комиссиясының құрамында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев төрағалық етіп, Жамбыл облысының бас имамы және аталған оқу орының директоры Бейбіт Мырзагелдиев пен медреке-колледж ұстазы Нұрлан Мұрат мүшелік етті.
Айта кетейік, биыл медресе-колледжге Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен 20 мемлекеттік грант бөлінген болатын. Грант иегерлері сынақ нәтижесіне байланысты тағайындалады.
Емтиханға 26 үміткер қатысып, бастапқы діни білімі және негізгі пәндер бойынша үлгерімі тексерілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі