Меркі ауданы, Аспара ауылы «Ыбырайым ата» мешітінің жамағаты биылғы оқу жылына балаларды дайындау мақсатында көпбалалы отбасыларға және қарапайым отбасыларға «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырды.
Мектеп жасындағы 12 отбасының балаларына, сұранысына байланысты қаржылай, киім-кешек және мектеп сөмкесі сияқты керек жарақтарымен қамтамасыз етілді.
Көмек алған отбасылар осы игі іс-шараға атсалысқан барша азаматтарға өз алғыстарын білдірді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі