Мойынқұм адандық мешітінде "Мектепке жол" қайырымдылық жобасы аясында бүлдіршіндерге мектепке қажетті сөмкелер мен оқу құралдары табысталды.
Ауданның бас имамы Рысбай Асылбекұлы балаларға оқуда озат, білімдерін шыңдау шегінде мойымай талаптансын деген жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ 13 оқушыға оқу құралдары салынған сөмкелерді таратып берді. Аталған науқанға көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балалары қатысқан болатын.