"Аз-аздан үздіксіз" ұранымен басталған қайырымдылық жобасы аясында осымен үшінші отбасыға баспана кілті табысталды. Мойынқұм аудандық мешіті мен Мойынқұм "Мүбарак" қорының жетекшілігімен, қайырымды жандардың көмегімен тағы бір отбасы үйлі болды.
Аудан имамы Рысбай Асылбекұлы: "Құтты да берекелі үй, іші бала -шағаға, қуанышқа толы үй болсын" - деп кілтін табыс етті. Жамағат мұқтаж отбасының баспаналы болуына тікелей себепкер болған, сол жолда ерен еңбек сіңірген Мойынқұм "Мүбарак" қоры және жетекшісі Жомарт Сакенұлына Алла разы болсын деп жылы лебіздерін білдірді.