#Меркі ауданы: Тахауи ақидасынан дәрістер басталды

#Меркі ауданы: Тахауи ақидасынан дәрістер басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ақида мәселесі мешітке келуші жамағаттың арасында талқыланып жүрген басты тақырыптардың бірі. 

Исламдағы ең күрделі, әрі нәзік сала Ақида мәселесін түсіндіріп, жамағаттың білімі мен біліктілігін артыру мақсатында Меркі ауданына қарасты «Жақсымбет» мешітінде ақида пәні бойынша дәріс басталды.

Дәрісті орталық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан жүргізіп, «Имам Әбу Жағфар Ат-Тахауи»  ақида кітабы бойынша  дәріс беруде.

Сонымен қатар, жамағаттың тарапынан туындаған сауалдарға жауап берілуде. Айта кетейік, ақида дәрісі әр сейсенбі күні құптан намазынан кейін өтеді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: