«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды.
Сол себепті жыл сайынғы игі іс-шараға биыл да үлес қосып, Тараз қаласы «Әулие-ата» мешітінің бас имамы көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сый жасады.
Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, 35 балаға сөмке берілді. Акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз.