Меркі ауданы, Тәтті ауылдық мешітінің имамы Көпбосынов Асхаттың ұйымдастыруымен мектеп жасындағы қарындасымызға дене тәрбиесі сабағына қажетті киім-кешек сыйға тартылды.
Мектепке қажетті құрал жабдықтар және киім-кешекпен қамтамасыз ету мақсатында, қарындасымыздың қажетін сұрап барған ауыл имамы қарындасымызға дене шынықтыру пәніне арналған киім-кешек пен аяқ киімін сыйға тартты.
Қарындасымыздың қуанышында шек жоқ. Алла Тағала өзгеге қуаныш сыйлап, қуантқан жандарды ақыретте қуантсын!!!
Осы игі іске атсалысқан барша азаматтарға айтар алғысымыз шексіз!!!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі