Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы имамдар үйінде Масаншы, Сортөбе, Ауқатты дүнген ұлтты имамдарымыз қазақ тілінен сабақ алуды жалғастыруда.
Еліміз Қазақстан Республикасында тұрып жатқан дін қызметкерлері мемлекеттік тілді үйренуге ынталары зор. Тіл орталығы басшылығымен бірлесе отырып жалғасын тауып жатқан дәрістер өз нәтижесін беруде. Жақсы көрсеткіш көрсеткен имамдарға Қордай ауданы бас имамы А.А.Егизбаев А2, В1 дәрежелі сертификат табыстады.
Айта кетейік ағымдағы жылдың маусым айында дүнген ұлтынын Қазақ жеріне келуіне 145 жыл толуына байланысты мерей-тойын атап өткен болатын.
Қордай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі