Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылдық «Қожай баба» мешітінің «Имани жаз» сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті.
Шәкірттерді "Һибатулла Тарази" медресесінің студенті Оразбек ұстаз арнайы 3 ай бойы оқытып, дәріс берді. Құран жарысына Жамбыл облысының өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлы, облыстық мешіттің іс-басқарушысы Халид Хожахметов және ауданның бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадраев, ауданның бетке ұстар қариы Абдуали арнайы барып, жарыста әділ қазылық етті. Қазылар алғасы жарыс жеңімпаздарын қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Құран жарысында 1-ші орын алған шәкіртке ұмраға жолдама берілді. Құран байқауынан кейін мешіт асханасында дастархан жайылып, қонақтарға және шәкірттерге ас берілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі