Жамбыл ауданы Құмтиын ауылы «Ботабай» мешітінде бесін намазына келген жамағатқа мешіт имамы Исмаилов Қуаныш «Құрандағы әкенің үлгісі» турасында насихат айтты.
Біздің ғасыр – технология ғасыры, телефон, әлеуметтік желілердің арқасында балаларды былай қойғанда, өзіміз адамдармен сөйлесуден қалып барамыз. Бірақ, біз оларды тыңдап үйренуіміз керек, әсіресе, әкелер.
Алла Тағала аналарға баласына тәрбие беру қабілетін дарытқан. Олар баласын тамақтандырып, жұбатып, мәпелеп тәрбиелейді. Бұл оның табиғатында бар қабілет. Ал әкелердің осы мәселеде біраз еңбектенуіне тура келеді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі