Шу ауданы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлы мешіт жамағатымен Меркі тауына саяхат жасады. Көпшілік бірлесіп балық аулап, таза ауада тынығып қайтты.
Жамағаттың ауызбіршілігін нығайту мақсатында ұйымдастырылған шарада табиғат аясында діни насихат жасалып, Алланы еске алды.
Көпшілік жақсы әсер алып, имани орта үшін қуаныштарын білдірді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі