Шу ауданы "Төле би" мешітінде Әйел-қыздар секторының ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты дастарханда бас қосты.
Нәзік жанды жамағатқа ұстаз уағыз-насихат айтып, сұрақ-жауап ойынын өткізді. Мыңнан озып шығып, сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды.
Іс-шараға аудандық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы арнайы келіп қатысып, шәкірттерге Құран кітаптарын сыйлыққа тарту етті. Шәкірттер сыйға қатты қуанып, ұстазға алғысын айтты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі