Шу ауданы Бірлікүстем ауылдық округінде ауылдық мешіттің имамы Әлімбеков Жетпісбайдың және Зейнеп ұстаздың ұйытқы болуымен әйелдер қауымы үшін керемет рухани кездесу ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға Шу қалалық орталық "Жәми" мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы арнайы қатысып, "Білім алудың артықшылығы" тақырыбында сөз қозғады. Білікті ұстаз насихатында ислам өмірінде білім алудың маңыздылығы мен артықшылығын түсіндіріп өтті.
Әйелдер жамағаты көкейіндегі бірқатар сұрақтарға жауап алып, уағыз-насихаттан сусындап қайтты. Кездесу соңы ақ дастарханмен жалғасын тауып, ақ жаулықты аналардың батасымен тәмәмдалды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі