#Жамбыл: Ихсан ілімі – рухани кемелдену жолы

#Жамбыл: Ихсан ілімі – рухани кемелдену жолы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Өрнек ауылы «Рәпілбек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ауылдық мешіт жамағатымен жүздесті. Келелі кездесуде бас имам «Ихсан ілімі» турасында  насихат айтты. Сананы тұрмыс билеген заманда Ихсан ілімін насихаттау – аса маңызды істің бірі.

Расында күнделікті күйбең тіршілік, отбасындағы мәселелер адам баласының рухани жан-дүниесіне әсер етпей қоймайды. Пенде қуаныш мен қайғыда көптеген эмоциялық сәттерді бастан кешеді. Осы сәттерде оның иманы, Аллаға деген тәубесі мен тәуекелі мұсылманға, былайша айтқанда, жақсы адамға тән байсалды әрі парасатты ұстанымда болуға тікелей әсер етеді. Осы ретте Ихсан ілімі рухани кемелдену жолы екенін баса айта кеткен абзал. Ихсан іліміне ден қайған пенде рухани кемелденуге қадам басатыны хақ.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: