#Жамбыл: Жастарға насихат айтылды

#Жамбыл: Жастарға насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде іс-тәжірибеден өтуге келген медресе студенті мешітке келген жастарға «имани гүл» тақырыбында насихат айтты.

Асыл дініміз Ислам адамдарға Жаратушысын танып, Оған құлшылық етуді бұйырып әрі адамдармен қарым-қатынаста өзара сүйіспеншілікте болуға, әркез әділдік жолын ұстануды үндейді. Ислам діні – халқымыз­дың басты рухани негізі, ата-баба­ларымыздың қас­тер тұтқан жолы. Әлмисақтан мұсылман ата-бабаларымыз әркез діні мен дәстүрін қадірлеп, ұрпағын имандылық жолымен тәрбиелеуге тырысқан.

Асыл бабаларымыздан қалған шешендік сөздер, дастандар, мақал-мәтелдер, ақын-жыраулар мұрасының мазмұнына көз жүгіртсек, дініміз Исламдағы асыл құндылықтардың насихатталғанын байқауымызға болады. Абай хәкім шығармаларында  қозғалған толық адам мәселесі, бес асыл іс, бес дұшпан сияқты  тақырыптар өте көп. Ойшыл айтқан осындай мәнді де мағыналы, тереңде ғибратты тақырыптардың бірі – Имани гүл ұғымы. 

Имани гүлдің әуелгісі – Алла Тағаланы сүю. Абай атамыз Алла Тағаланың адамзатты махаббатпен жаратқандығын, сол себепті де адамзатты Жаратушысын танып, Оған жүрегіндегі бар махаббатын арнауы керектігін айтады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: