Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты жәрдем. Қайырымдылық адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі және ізгіліктің анық көрінісі болып есептеледі.
Осындай игілікті шара "Бірлікүстем" мешітінде өтті. Ауыл азаматы жағдайы төмен отбасыларға мешітте ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы аясында 4500 кг ұшыр таратты. Құны 360 000 теңгені құраған көмекті мешіт молдасы Жетпісбай Әлімбеков жанұяларға бірге табыстады. Көпшілік ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі