Шу ауданы "Ж.Жексенбай" мешітінде жомарт жанның ұйытқы болуымен ауыл тұрғындарына мешітте дастархан жайылды. Шараны ұйымдастырудағы мақсат - елдің ынтымағын келтіріп, берекемізді арттырсақ яғни, бабаларымыз аңсаған "ізгі қоғам" құру болатын.
Жиынға ауыл әкімі, аудандық билер кеңесінің мүшесі, ауыл ақсақалдары, тұрғындары келіп қатысты. Көпшілік ақылдаса келе, әркім өз бала-шаға, бау-шарбағына ие болып қана қоймай, бір кәсіпті иелену және сол кәсіптің маманы болу, малға, жерге ризық деп қарап, шүкіршіл болу жайын қолға алмақ. Уәдеге берік болып, айтқан сөзде тұруға, көппен бірге болуға уағдаласты. Осы қарапайым қағидаларды ұстану арқылы ауыл тұрғындары өз қоғамын, ортасын түзетуді ниет етіп отыр.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі