#Байзақ: «ИМАНИ ЖАЗ» САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

#Байзақ: «ИМАНИ ЖАЗ» САУАТ АШУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінде «Имани жаз» сауаташу курсы аяқталып, курсқа қатысқан балдырғандарға сертификат табыстау рәсімі өтті.

Шараға Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамдары Бақытбек Бауыржанұлы, Мұхит Ермаханұлы және Абатбай Мырзабайұлы қатысты.

Жиын барысында балдырғандарға сұрақтар қойылып, жауап берген жасөспірімдерге сертификат пен кітап сыйлыққа берілді, сондай-ақ ең үздік Құранға түсіп жаттап жатқан екі балаға сертификат пен қаржылай сыйлық табысталды.

Мұхит Ермаханұлы: «Білім – ақ пен қараны ажырататын, адам баласының көзін ашатын Алла Тағаланың адам баласына берген үлкен сыйы. Білім – ақыл мен парасаттың белгісі. Расында Ислам дінінің адамзат баласына қоятын ең басты талабы білім алу және іздену. Жалпы Құранда «білу» деген мағынаға саятын «илм» түбірінен туындаған 780 сөз кездеседі. Ал ғылымның маңыздылығын ұғына түсу үшін ғылым деген сөзбен мағыналас хикма мен ғалым деген мағынаға келетін «хаким» сөздерінің де жиі қолданылуына назар аударған жөн. Мәселен «хикма» сөзі 20, «хаким» сөзі 97 жерде кездеседі. Қосымша «білу» деген мағынаға келетін «мағрифа» сөзі 70-ке жуық қолданылады», - деп атап өтті. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: