#Меркі ауданы: Жаңа мешіт құрылысы қарқынды жүріп жатыр

#Меркі ауданы: Жаңа мешіт құрылысы қарқынды жүріп жатыр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Меркі ауылында жаңа мешіт бой көтеруде. Мешіт салып жатқан бауырларымыз Алла разылығы үшін деп дастархан жайып, ауданға қарасты имамдарды шақырып, ас берді.

Құран оқумен басталған ақ дастарханда сөз сөйлеген бас имам Азамат Берікұлы мешіт салып жатқан бауырларымызға күш-қуат, қажыр-қайрат тілеп: "Бұл - оңай жол емес. Баршамыз мешіт салуды қалаймыз, бірақ, жетістікке жететін адамдар аянбай тер төккендері. Алла істеріңізге береке берсін, мол-мол сауаптан жазсын. Ақыретте жәннаттан зәулім сарайлар нәсіп етсін», - деп дұға жасады.

Сонымен қатар, ауданда 13 жыл бойы абыроймен бас имамдық қызмет атқарған «Қарабала Төре» мешітінің имамы Қасымалиев Батырбек, «Жақсымбет» мешітінің имамы Қасымалиев Қыдыралы және «Рахымбай ата» мешітінің имамы Токушбеков Серікхан ағаларымыз сөз сөйлеп, Алла Тағаладан дұға тіледі.

Айта кетейік, мешіт ғимараты бір мезетте 700-ге жуық адамға қызмет көрсетеді. Меші ғимараты жер төледен, негізігі қабат және қосалқы қабаттан тұрады. Мешіт мұнарасы 10 м биіктікке негізделген.

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудан тұрғындарына:
"Алланың жердегі үйі болатын мешіт – қастерлі орын, оның құрылысына қолдау көрсетіңіздер, мешіт құрылысына көмектескен адамның алар сауабы өте зор.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Аллаға сенгендер, ақиретке сенгендер Алла Тағаланың үйлерін көркейтеді» дейді. Бұл өте сауапты іс. Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға һижрат еткен кезде алғашқы жұмысын мешіт салумен бастаған.

Пайғамбарымыз хадисінде: «Кім де кім өмірінде бір мешіт соқса, Алла Тағала оған қияметте өзі соққан мешіт сияқты жәннатынан үй салып береді» деген.

Осы мақсатта, Меркі ауылында зәулім мешіт құрылысы жүріп жатыр. Халқымыз «Азанды ел азбас» деген, бүгін іргетасы қаланып отырған мешіт ғимараты халықты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелейтін орын болғай!

Жаңа мешіт құрылысы халықтың, жекелеген азаматтардың қаржысына салынып жатыр. Дінге шын жаны ашитын азаматтар ат салысып, мешіт қорына үлес қосады деп ойлаймын. Мешіт құрылысы қанша уақытқа созылатыны белгісіз, өйткені мемлекет салып жатқан нысан емес. Бәрі қорға түсетін қаражатқа байланысты. Сондықтан барлық исі мұсылман бауырларымызды, осындай игі іске ат салысуға шақырамын.
Осындай игі іске ат салысып жатқан азаматтар мен ниет білдіріп жатқан жандардың Алла Тағала отбасыларына, мал-жандарына, кәсіптеріне береке берсін, Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!", - деп үндеу жасады.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, М. Мәметова көшесі, 125 үй.
Kaspi.kz: 4400 4801 0877 0576
+7 705 444 58 10 Иса С.


Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: