#Меркі ауданы: «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне шәкірттер жолданды

#Меркі ауданы: «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне шәкірттер жолданды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының мұрындық болуымен, Меркі ауданынан Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне 4 шәкірт жолданды.

Бас имам Азамат Берікұлы шәкірттерді көне Тараз шаһарына өзі апарып, «Һибатулла тарази» медресесімен таныстырып, сол жердегі қабылдау бөліміне шәкірттердің толық құжаттарын тапсырып қайтты.

Шәкірттеріміздің екеуі медресеге «Исламтану» мамандығы бойынша, екеуі «Құран жаттау» қарилыққа тапсырды. Шәкірттер медресеге жете салысымен алдағы болатын емтихан дайындығына кірісіп кетті.

Айта кетейік, Тараз қаласындағы техникалық және кәсіптік жалпы орта білім беретін медресесінде медресеге оқуға түсемін деуші талапкерлердің өтініштерін қабылдау жүріп жатыр, қабылдау емтиханы 24-ші тамызда өтеді.

Медреседе лекциялық аудитория, компьютер сыныбы, кітапхана, асхана, жатақхана және басқа да материалдық базамен толық қамтамасыз етілген. Медреседе жоғары тәжірибелі исламтанушы мамандармен бірге медресе қабырғасында бірнеше жыл іс-тәжірибе алған оқытушылар дәріс береді.

Барша мектеп бітіруші түлектерді білім алуға шақырамыз!!!

«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» медресе-колледжі

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы №89б

Азамат ұстаз +7 707 190 02 01

Меруерт ұстаз +7 776 008 90 00

medrese_hibatulla@mail.ru

 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: