Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің ұжымының ұйымдастыруымен сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттер спорт мектебінің футбол алаңшасында жаттығып, қазақша күресіп және командалық футбол ойынын ойнады.
Шәкірттерге «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Абатбай Мырзабайұлы «Спортпен шұғылданудың пайдасы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Насихат барысында Абатбай Мырзабайұлы: «Ислам діні мұсылманның қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Қасиетті Құранның 42 жерінде «қуат» сөзі кездеседі. Әбу Һурайра жеткізген хадис-шәріпте хазреті пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы мәселеге байланысты: «Екеуінде де өз қайыры болса да, қуатты мүмін Аллаға әлсіз мүміннен жақынырақ және сүйіктірек», - деді.
Осы шараны ұйымдастырушыларға шәкірттер өз алғыстарын білдірді.