#Тараз: АШУРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

#Тараз: АШУРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаррам айының оныншы жұлдызы «Ашура» күні деп аталады. Осы айтулы күнге орай "Кеңесхан қажы" мешітінің ұстазы, Phd докторант Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен қыз-келіншектерге арналған рухани кеш өтті. 

Шараға Жамбыл облысының әр өңірінен ақ жаулықты әжелер, аналар, қыз-келіншектер келіп қатысты. Қасиетті Құран кәрім аяттарымен басталған іс-шараны аталған мешіттің имамы Асқар Зәкіржанұлы насихат сөзімен ашып берді. 

Көпшілік мешіт шәкірттерінің қойған насихат пен маңызға толы қойылымдарын, Алла елшісіне сауалат-сәлемдерін, бүлдіршіндердің дұға әндерін тыңдады. 

Түрлі қызықты ойындар ойнатылып, үздік шыққандарға бағалы сыйлықтар тарту етілді. Нұқ пайғамбарымыздың кемесі тоқтаған сәтінен көрініс көрсетіліп, "ашура" тағамы таратылды. Жамағат алғаш рет осы дәмнен ауыз тиді. Ашураның маңыздылығын бейнелейтін тарихи оқиғалар сөз болып, дін ислам жайлы монолог оқылды. 

Алла елшісін Мәдине халқы қарсы алған сәттегі мадақ өлең айтылып, нәзік жандылар көздеріне жас алды. 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша әйел-қыздар секторының жектекшісі Жазира Иманалиева сөз кезегін алып, жүректерді тербетіп жиналғандармен бірге ұзақ дұға жасады. 

Іс-шараға қонақ болып келген облыстың ұстаздары кезекпен кезек сөз сөйлеп, ашура жайлы, мұсылманның амал-әрекеті туралсы уағыздар айтты. 

Көпшілікті бір жылатып, артынан сергітіп, күлдірген шара үшін жамағат шын разы болғандарын жеткізіп, қимай қоштасты. Сондай-ақ алдағы Мәуліт айында қайта жүдесуге уағдаласты. 

Ақерке Шахризатқызы

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: