#Меркі ауданы: Алланың парыз еткен ұшыр садақасы берілді

#Меркі ауданы: Алланың парыз еткен ұшыр садақасы берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Кеңес ауылы тұрғыны Алла разылығы үшін деп бидай еккен егістік алқабынан 6 тонна ұшыр садақасын берді. Ұшыр деп – астық және жеміс-жидектің зекетін айтамыз. «Ұшыр» сөзі араб тілінде «оннан бір» немесе «ондық» деген мағына береді.

Алла Тағала Құранда: «Әй, мүміндер! Табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған нәрселеріміздің жақсыларынан, тиісті орынға жұмсаңдар», – деген.[«Бақара» сүресі, 267- аят]

 Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаңбыр және теңіз суымен суғарылған егістік өнімінің онда бірін, шелекпен суарылған егістіктен жиырмада бірін ал», – деп зекет мөлшерін белгілеген. [Бұхари, Зекет, 55]

Бұл хадисте бау-бақша мен егістік жер құдық суымен немесе су тартатын аппарат (насос) арқылы суғарылып, дәрі-дәрмек сеуіп, өнім алынатын болса, өнімнің 5%-ы зекет ретінде беріледі. Ал, егістік жаңбыр, канал, арық суымен суғарылса, өнімнің 10%-ы зекет ретінде алынады.

Биылғы жылы күн ысып, жаңбырдың аз болуы себепті егістік алқаптары дұрыс өнім бермеді. Соған қарамастан Алланың разылығын көздеген ағамыз, Раббысының берген әрбір нығметіне шүкіршілік білдіріп, ұшыр садақасын беріп жатыр.

Алла Тағала ағамыздың ниетін қабыл етіп, еселеп сауаптардан жазып, берген ұшырының орнын еселеп, берекелі етіп қайтарсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: