Жамбыл облысы Қордай ауданы Рахман мешітің ұстазы Дүзелбаева Айгүлдің ұйымдастыруымен "Ашура күні" аталып өтті. Кешке Қордай ауданы әйел-қыздар секторының басшысы, «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы және әжелер алқасы мүшелері қатысты.
Жиын Құран оқумен басталып, Эльмира ұстаз мағыналы уағыз-насихат жүргізді. Бас қосуда Ашура оразасының тарихы, орындалатын ізгі амалдар насихатталды. Қатысушылар арасында ойындар ойнатылып, сыйлықтар берілді. Келген қонақтарға дастархан жайылып, әжелердің батасымен отырыс соңын тапты.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі